Азаматтық қоғам сарапшылары халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстанға арнап «Жол карталарын» жасады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консультациялық-кеңесші органы (ККО) «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» атты кезекті отырысында хабарлады.

Қазақстандағы халықаралық Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис былай деді: «Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше болып, халықаралық келісімшарттарға қол қойғаннан бері жүздеген  ұсыныс айтылды. Біз бұл ұсыныстардың барлығын бір кестеге жинадық, оны арнайы сайттан көруге болады».

Олардың ішінен Азаматтық қоғам (АҚ) сарапшылары  50 ұсынысты таңдап алды. Таңдау барысында сарапшылар ұсыныстардың әртараптандырылғанын, яғни олар бірнеше құқықтық және еркін тақырыптарды қамтып, «жанды жерге» тиетін, бір-біріне қарама-қайшы және пікірталас тудыратын тақырыптар болуын қадағалады.

«Біз әр 50 ұсынысқа 50 жол картасын жасауға тырыстық. Оларды mindet.kz сайтынан көруге болады. Сонымен қатар, Азаматтық қоғам сарапшылары ұсыныстарды орындау индикаторын жасады. Қазақстан қандай да бір ұсынысқа есеп бергенде БҰҰ мынадай жүйемен бағалайды: Ұсыныс орындалды – ұсыныс ішінара орындалды – ұсыныс орындалмады.

Біз жалпы адам құқығын орындау индикаторы бар екенін есепке ала отырып сәл қиындатып, осы индикаторлардың негізінде имплементация индикаторын жасап шығардық. Ұсыныстың толық орындалғанын қалай анықтауға болады? Немесе арагідік орындалса, қаншалықты бағалауға болатынын қайдан білеміз? Сол себепті Азаматтық қоғам сарапшылары әдістеме жасап шығарды және соның негізінде әр жылдың соңында немесе Қазақстанның конвенциялық мекемелерге есеп беруінің алдында ұсыныстың орындалуын бағалауға болатын индикаторлар тізімін жасады», – деді Евгений Жовтис.

Алғашқы бағалау 2018 жылдың соңында болады. Сол себепті Азаматтық қоғам сарапшылары барлық мемлекеттік мекемелерге ұсыныстарды таратып, орындалған іс туралы максималды ақпарат беруін сұрап, өтініш тастады.

«Бұл сіздерге де тиімді, өйткені индикаторлар ненің шын мәнінде бар не жоқ екенін дәл анықтайды – сол кезде біз де ұсыныстардың орындалу мөлшерін анық бағалай аламыз», – деп сөзін толықтырды Жовтис мырза.

Жол картасын жасаушылардың айтуынша – барлық жол карталары сәйкестендірілген: олар қандай ұсыныстар барын және оны қай халықаралық мекеме, ұйым немесе ККО ұсынғанын айтады, ары қарай Азаматтық қоғам олардың толық орындалуы үшін қандай іс-шара жасау керектігін айтады. Әр жол картасының соңында сарапшылар ұсыныстың орындалу мөлшерін бағалайтын индикаторлар тізімі берілген. Сонымен қатар, Азаматтық қоғам сарапшыларының айтуынша, жол карталарында белгілі бір ұсыныстың орындалуына маманданған ҒӨБ тізімі бар мемлекеттік мекемелер белгіленген, ол мемсектор өкілдері мемлекеттік емес сектор өкілдерімен байланыс орната алады деген сөз.

«Жұмыс қазір қай сатыда? Қазір жұмыстың орындалуына жауапты мемлекеттік мекемелермен кеңесіп, талқыланып жатыр.

Біздің идеямыз – бастық дәрежесінде емес, практикалық жұмыспен айналысатындармен сөйлесу.

Қазір біз өзара әрекеттесу жоспарын жасап жатырмыз, оның екі жағы бар. Бір жағында ұсыныстар мен олардың орындалу жоспарын қабылдайтын мемлекет, екінші жағында оны бағалауды мақсат тұтқан АҚ бар, бірақ біз мүмкін болған барлық көмекке дайынбыз», – дейді Евгений Жовтис.

АҚ сарапшылары жол карталары мінсіз және даусыз емес дейді, өйткені кейбір ұсыныстар «өте өткір» және жан-жақты қарастыруды талап етеді.

Барлық жол карталары Қазақстанға ұқсас елдердің халықаралық тәжірибиелеріне сараптама жасаудан басталады.

«Кей сәттерде бірден консенсус болмауы мүмкін. Бірақ диалог жүргізуге болады және ол белгілі бір шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деп қорытындылады Жовтис мырза. Жол карталары Еуропалық Одақ қолдаған «Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық міндеттемелерін орындау мониторингіне бағытталған Азаматтық қоғамның рөлін арттыру және кеңейту» жобасы аясында жасалды.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)