Әмбебап кезеңдік шолу аясында БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңестің адам өлшемдері саласындағы ұсыныстарын жүзеге асыру

ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшемдері жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының кезекті отырысы.

 

Алуа Нәдірқұлова, ҚР Әділет министрлігінің халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары

 Қазір біз Үкіметтік емес ұйымдар берген халықаралық органдар мен «Адам өлшемдері жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының елу ұсынысы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз оларды топтарға біріктіліп, азаматтық қоғам сарапшыларымен бірлесе отырып өткізетін мәжілістерде талқылауды жоспарлап отырмыз.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңестегі бірінші қорғау әлеуметтік және мәдени құқық конвенцияларын қарастыратындықтан, біз жұмыс тобымен бірінші кезекте осы мәселелерге арналған ұсыныстар туралы жиын өткіземіз деп бағамдап отырмыз.

Бұл жұмысты ұсыныстардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен видеоконференция байланысы арқылы бірлесіп жалғастыратын боламыз. Үкіметтік емес ұйымдардың көбі Астанадан тыс орналасқандықтан, байланыстың осы түріне тоқтап отырмыз.

Әмбебап кезеңдік шолу аясында БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңестің адам өлшемдері саласындағы ұсыныстарын жүзеге асыру жоспарына келетін болсақ, бұл жоспардың 53 іс-шарадан тұратынын атап өткеніміз жөн. Бұл іс-шаралардың көбі жүзеге асырылған. Өзіміз үшін барлық ұсыныстарды– орындалған және жүзеге асырылып жатқан деп  екі топқа бөліп алдық. Бүгінде ұсыныстардың 80 пайызы орындалған.

Біздің бағалауымызша 96 ұсыныс жүзеге асырылу үстінде, 92 ұсыныс ведомствоаралық жоспарда қамтылған.  51 ұсыныс өзара ұқсас болғандықтан қабылданбады. Мысалы, Мүгедектер құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы 8 ұсыныс, азаптаумен күресуге қатысты 2 ұсыныс, адам саудасымен күрес туралы 7 ұсыныс бар.

2017 жылы БҰҰ бейбіт жиындар мен ассоциациялар бойынша арнайы баяндамашысы келіп, кездесу нәтижесінде 12 нақты іс-шара қабылданған болатын. Олар бойынша да жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазір біз ҚР Бас прокуратурасымен бірігіп қарастырып жатқан бір мәселе бар – бұл бейбіт жиналыстарды өткізу орындары. Біз бұл тізімді кеңейттік. Арнайы баяндамашы тоқталып өткендей, бұл орындар ашық қолжетімділікте болып, алаңда жақсы көрінуі үшін толықтырылды.

Қазір біз Қазақстанның барлық 14 облысында бейбіт жиындар өткізу картасына анализ жасадық.

Біз қарастырып жатқан екінші мәселе – ҚР бас прокуратурасы және басқа органдармен бірігіп бейбіт жиындар өткізуге тыйым салу мәселесіне анализ жасау үстіндеміз. Қанша рет жиындардан бас тартылды, себептермен қандай екенін анықтап барып заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыратын боламыз.

 

Роза Ақылбекова, халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары

Мен Әмбебап кезеңдік шолу өте әмбебап процедура екеніне тағы бір мәрте назар аударғым келіп отыр. Ол мемлекетке таңдау құқығына ерік береді, яғни, мемлекет қандай ұсыныстарды орындайды, қайсысы орындалғанын немесе қарастырылмайтынын шеше алады.

Бірақ бұл жерде азаматтық қоғам төрт жылдан кейін де мемлекетті Әмбебап кезеңдік шолу аясында қабылданбаған ұсыныстарға қайтаруы мүмкін.

Сонымен қатар Азаматтық қоғам өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдар коалициясы Әмбебап кезеңдік шолу аясында ұсыныстардың орындалуына анализ жасап, өз бағасын береді. Дегенмен, назарға алынған барлық ұсыныстар толығымен немесе ішінара орындалған.

 2017 жылдың қыркүйек айына дейін 103 ұсыныс толық және ішінара орындалды. 33 ұсыныс орындалмады.

«Бір жыл ішінде адам құқығы саласында белгілі бір өзгерістер болды. ҚР Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып ведомствоаралық жоспар жасады. Бұл жерде конвенция органдары берген ұсыныстарды өзгертуге болмайтынын атап өту керек. Біз мемлекеттік органдармен болған барлық пікірталастарда бұл мәселенің маңыздылығын баса айтамыз.

Әмбебап кезеңдік шолуға қарағанда БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитет белгілі бір ұсыныстар мен түсіндірмелердің қабылданбауына жол бермейді. Себебі комитеттерде нақты ұсынысты қарастыратын сарапшылар отырады. Сол себепті бұл ұсыныстарды біріктіруге болмайтынын атап өткім келеді.

Сонымен қатар қаржыландыру мен бюджетті қажет етпейтіні туралы маңызды мәселеге де назар аударғым келеді. Ол жиі айтылып жүр. Адам құқығы жөнінде ұлттық жоспарды бекіткен кезде де бұл туралы айтқанбыз. Қаржысыз, адами ресурстарсыз, жауапты тұлғаларсыз және ведомствосыз, сонымен қатар нақты жүзеге асыру уақытынсыз лайықты жоспар құру мүмкін емес.

Әділет министрлігі мен Әмбебап кезеңдік шолу бойынша Үкіметтік емес ұйымдар коалициясының бірлескен жұмысты жалғастыра бергені өте маңызды. Қазір Азаматтық қоғам сарапшыларымен нақты тақырыптар, жекелеме құқықтар мен бостандықтар  бойынша кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Ұсыныстың жылдам жүзеге асырылуы үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеген маңызды.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)