Пікір. Евгений Жовтис, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының директоры

Егер біз Қазақстанның заңнамасы мен бейбіт келіссөздер еркіндігі бойынша құқық қорғау тәжірибесін халықаралық нормалар мен халықаралық органдардың ұсыныстарына сай жүзеге асырғымыз келсе, бізге екі түрлі құжатты –бейбіт келіссөздер еркіндігі бойынша ЕҚЫҰ-ның басқарушы принциптері мен бірлестіктер еркіндігі бойынша ЕҚЫҰ басқарушы принциптерін негізге алу керек.

Бұл екі құжат осы еркіндіктерді жүзеге асырудың негізгі принциптерін жинақтап көрсететіндіктен, осы екеуін пайдалануды ұсынамын.

Мені алаңдататыны – біз «бейбіт келіссөздерді өткізу алаңы» деген тіркесті қолдануды әлі де жалғастырып келеміз. Өкінішке қарай, марш, наразылық білдіру және шеру өткізуге құқымыз бар екенін конституцияда көрсеткенімен, бұл сөздер біздің сөздік қорымыздан мүлдем алынып тасталған. Біз келіссөз жасауға болатын алаң туралы айтудамыз.

Марш, наразылық және шеру дегеніміз мекенге келіп тірелетін мәселе емес. Бұл маршрут мәселесі. Нақтырақ айтсақ, халықаралық стандарттарға сәйкес жиналыс өткізуге тыйым салынған орындар бар. Ал басқа жерлерге барар  жолдың бәрі ашық. Бұл орын саны көбейіп кетеді деген мәселені де жоққа шығарады. Себебі сіздер (ҚР Әділет Министрлігі – ред.) орындар тізімін жасаған кезде азаматтардың Конституциямызда көрсетілген марш, наразылық пен шеру өткізу құқығын жоясыздар.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Адам өлшемдері жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (ККО АӨДА) отырысында айтылған.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)