Қараша диалогы. СІМ жанындағы «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңестік органының отырысы. Астана. Қараша. 2017 жыл

2017 жылдың 7 қараша күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ҚР СІМ жанындағы «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңестік органының кезекті секторлық отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар көтерілді: «БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсыныстарын адам құқықтары бойынша Екінші әмбебап мерзімді шолу және БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комитеті, Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық пакті бойынша екінші мерзімді баяндамасы аясында іске асыру барысы туралы», «ҚР Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың халықаралық пактісін орындау бойынша Екінші мерзімді баяндамасы туралы»

Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко болды.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бойынша  қағидалардың орындалуы туралы Екінші мерзімді баяндаманың дайындалғаны және қорғалуы туралы хабарлады. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар бойынша комитетке қарасты келісім органының, мемлекеттік мекемелер қатысушылары мен азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары анықталды. Осыған қоса БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары бойынша Комитетінің бірқатар ұсыныстары қабылданып, іске асты.

Т.Әбішевтің айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Ұлттық баяндама бір ай ішінде сараптамадан өтті. Осыдан кейін Министрлік құжатқа байланысты айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарды басшылыққа ала отырып өзгерістер енгізген. Осыдан кейін баяндама жақсы бағаға ие болып, Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар бойынша министрлікке жіберілді. Келесі Баяндаманы қорғамас бұрын азаматтық қоғамдағы әріптестердің қатысуымен бірнеше дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланған.

Әділет министрлігінің орынбасары Эльвира Азимова барлық құқықтарды қамтыған Екінші әмбебап мерзімді шолу туралы айтты. Ол бойынша 198 ұсыныс жасалған. Әділет министрлігі барлық ұсыныстарды жинап алып, оларды іске асыру үшін ортақ мекемеаралық жоспар құрастырды. Бұл жоспар министрліктің бірінші басшылары деңгейінде бекітілген. Жоспарға Әмбебап мерзімді шолудың 20-ға жуық ұсынысы әдейі алынбады. Бұған себеп – Бас прокуратура қазіргі кезде екі жол картасын іске асырып жатыр. Біріншісі, зорлық-зомбылыққа, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жоспары. Екіншісі, азаптаудың алдын алу мәселелері. Осы тақырыптарға байланысты пилоттық жобаларды Бас прокуратура іске асырып жатқандықтан, кейбір ұсыныстар жоғарыда айтылған жоспардың ішіне кірмеді.

Э.Азимова атап өткендей, қазіргі кезде 51 қабылданбаған ұсыныс бар. Олар еліміздегі заңдарға қайшы келеді. Нақты айтсақ, қылмыстық жаза мәселелері (өлім жазасы), дипломатия, жала жабу және т.б. Олардың ішіндегі 16 ұсынысқа деген көзқарас барлық органдар арасында ортақ келісімге келген кезде өзгеруі мүмкін.

Ұсыныстарды орындау кезінде кейбір мәселелер бойынша мәмілеге келіп, үкіметтік емес сектордың қатысуына мүмкіндік жасау үшін Әділет министрлігі СІМ және БҰҰ ДБ-мен бірлесі отырып, келісімге қол қойды. Оның мақсаты – ұлттық құқық қорғау механизмдерін жетілдіру бойынша Әмбебап мерзімді шолудың екінші кезеңін іске асыру.

Бұл жоба аясында бірнеше кішігірім жобалар іске асып жатыр. Олармен азаматтық сектордың сарапшылары жұмыс істеуде. Қазіргі кезде азаптаудың алдын алу мәселесі бойынша әдістемелік құралды әзірлеу тамамдалып, Стамбұл хаттамасын, нақты айтқанда оның стандарттарын негізгі заңға көмекші ретінде енгізу бойынша жұмыстар аяқталып қалды.

Халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының Қазақстандағы директорының орынбасары Роза Ақылбекова жуырда ҮЕҰ-ларға берілген жалпы бағаларға сәйкес Комитеттің ұсыныстарын іске асыру бойынша сандарды көрсетті: 10 ұсыныс толығымен орындалған, жартылай орындалып немесе іске асайын деп жатқандары – 103, орындалмағаны – 33.

Оның айтуынша, азаматтық қоғамның сарапшылары қазіргі кезде 50 ұсыныстың жол картасын әзірлеп жатыр. Олар АӨДА ККО аясында талқыланып, қалыптасқан барлық сұрақтарды қамтиды және жуық арада көпшілік назарына ұсынылады.

«Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы» қорының төрағасы Зауреш Батталова Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың халықаралық пактісін (ЭӘМҚХП) орындау туралы ҚР Екінші мерзімді баяндамасын дайындалу барысында бірнеше ескертулер жасады.

Соның ішінде, ҮЕҰ-ның ЭӘМҚХП бойынша бірінші Баламалы баяндамасы ЭӘМҚХП бойынша ҚР алғашқы Ұлттық баяндамасымен қатар Комитетпен қаралды және оның Қорытынды ескертулерінде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының осы баяндамадағы бірнеше ұсыныстары кірген еді.

Алайда бұл берілген ұсынысты ҚР Үкіметі 2 жылға кешіктіріп орындап жатыр. Осыған байланысты Комитет ЭӘМҚХП бойынша екінші Ұлттық баяндаманы шамамен 2018 жылдың күзінде ғана қарайды. Бұл жайт Қазақстанда ЭӘМҚХП-ті орындау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың Екінші баламалы баяндамасын әзірлеуге де әсер етті.

Қазақстанда ЭӘМҚХП-ті орындау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың екінші Баламалы баяндамасын әзірлеу барысында конкурстық іріктеуден өткен Қазақстанның ең үздік сарапшылары шақыртылып, ҮЕҰ-ның екінші Баламалы баяндамасының алғашқы нұсқасы жасалып жатыр. Осыған қоса баяндаманың тарауларын құқықтың 17 түрі бойынша бөлу туралы сарапшылар жиналыстары өтті. Жиналыстарға мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Алайда, қазіргі кезде Баламалы баяндаманың кейбір тарауларын жаңарту мәселесі пайда болды. Себебі ол жазылғалы бері бір жыл өтті және кейбір жағдайдың өзгерді. Осылайша, баяндамаға жеткілікті тұрғын үй құқығы бойынша жаңа кейстарды қосу керек. Мысалы, олардың қатарында Ақтау қаласындағы оралмандарды, Ақмола облысындағы Красногорск ауылының тұрғындарын, Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласындағы тұрғындарды мәжбүрлі қоныс аударту деректері бар екенін айтады Зауреш Батталова.

Сарапшы Қазақстанда мәжбүрлі қоныс аударту кезінде халықаралық нормалардың өрескел бұзылуы тұрақты түрде көбейіп бара жатқанын айтты. Соның салдарынан азаматтардың күнкөріс жағдайы нашарлап, үйсіз қалу мәселесі ушығып кетуде.

Сонымен қатар, Баламалы баяндаманы жаңарту қажеттілігі бірлестіктер мен кәсіби одақтар еркіндігі құқығына да байланысты. Оларды қайта қарап, толықтыру қажет. Себебі кәсіби одақтардың көшбасшыларына қылмыстық іс қозғалып, оларды айыптау істері көбейіп, тәуелсіз кәсіби ұйымдар жабылып қалды.

«Қадір-қасиет» ҚБ директоры Анар Ибраева СІМ мен Адам құқықтары комитетінің құқық қорғаушыларды қорғау бастамасын қолдағанын жеткізді. Оның ішінде адам құқықтарын қорғау құқықтары және солардың құқығын қорғап жүрген тұлғалардың қауіпсіздігі де бар. Биыл бұл мәселе бойынша конференция мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Олардың ұйымы құқық қорғаушылардың құқықтары бойынша кеңес ұйымдастыруды ұсынды. Ол осы тақырыпта сараптама жүргізіп, ұсыныстар жасайды.

«Аймақ» ҚҚ директоры Айгүл Соловьева отырыстың барлық қатысушыларын тиімді жұмыс істеуге шақырды. Оның айтуынша, әрбір өтініш тиісті мекеменің құзіретіне қарай нақты жолдануы тиіс. Себебі «қате жолданған сауалдардың кесірінен біз кәсіби емес ретінде көрініп қаламыз».

54321
(0 votes. Average 0 of 5)