Қазақстның азаматтық қоғамы мемлекетке халықаралық институттардың 50 ұсынысы бойынша «жол картасын» ұсынады

Қазақстның азаматтық қоғамы мемлекетке халықаралық институттардың 50 ұсынысы бойынша «жол картасын» ұсынады

Евгений Жовтис, халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының Қазақстандағы директоры

Евгений Александрович, Қазақстанның азаматтық қоғамы адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету саласындағы заң шығару ісінде қаншалықты белсенді?

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Олардың арасында адам құқықтары бойынша халықаралық шарттармен жұмыс істеп, республикамызда ратификациялаған адам құқықтары бойынша ұйымдар да бар. Қазақстан халықаралық органдар алдында өзінің халықаралық міндеттерін қалай орындап жатқаны туралы есеп береді. Ол БҰҰ-ның арнайы құрылымдары, БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Кеңесі, түрлі Комитеттер аясында есеп берумен қатар, Қазақстанға БҰҰ-ның «тақырыптық механизмдері» – арнайы баяндамашылары, жұмыс топтары, тәуелсіз сарапшылары келеді. Әр келген сайын немесе баяндаманы қарастырғаннан кейін оларзаңнаманы, құқық қолдану практикасын өзгерту бойынша өздерінің ұсыныстарын айтады. Себебі олар Қазақстан осы уақытқа дейін қабылдаған шарттарда көрсетілген халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Адам құқықтары саласы бойынша мұндай ұсыныстардың саны мыңға жетіп қалды. Олардың арасында демократияны дамыту, заң үстемдігі сияқты кең ауқымды тақырыптар да, жеке құқықтар немесе құқықтар тобына байланыстылары да бар.

Азаматтық қоғам осы уақытқа дейін жекелей өзі де,халықаралық ұйымдармен бірлесе де жұмыс істеп, оларға өздерінің ұсыныстарын ұсынып отырды. ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі оларға халықаралық ұйымдар ұсынған ұсыныстардың қайдан келетінін жақсы біледі. Себебі бұлұсыныстардың 80-90 пайызы қазақстандық азаматтық қоғамның ұсыныстарына негізделген. Олар өздерінің баяндамаларын ұсынады немесе арнайы баяндамашылармен кездеседі.

Осы уақытқа дейін азаматтық қоғам бұл ұсыныстарды орындау бойынша мемлекетпен бірлесіп әрекет қылуға тырысты. Бізде әрқашан «мемлекет біз ұсынған түсініктемелермен қалай жұмыс істейді?» деген сұрақ туындайтын. Себебі бұл әрдайым екі қиылыспайтын процесс еді. Азаматтық қоғам өзінің ұсыныстарын ұсынады, ал мемлекет болса өзі қабылдаған ұсыныстар бойынша әрекет жасайтын.

Бұл жұмысты нақтылайтын болсақ – қазір қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұсыныстардың белгілі бір тобымен, яғни 50 ұсыныс бойынша жұмыс істеп жатыр. Олар адам құқықтарының түрлі саласын, демократияны дамыту және заң үстемдігін қамтиды.

Азаматтық қоғамның сарапшылары 2017 жылдың бірінші жартысында барлық 600 ұсынысты қарап шығып, белгілі бір қағидаларға сүйеніп олардың арасынан 50-ін таңдап алды.

Біріншіден, біз кейбір ұқсас немесе бір тақырыпқа арналған ұсыныстарды біріктіргіміз келді. Себебі Қазақстан онсыз да он жылдықтар бойы бір тақырыпқа байланысты немесе ұқсас мәселелер қамтылған ұсыныстарды қабылдап келеді.

Мысалы, әртүрлі органдар Адам құқықтары жөніндегі өкіл институтын Париж принциптеріне сәйкестендіру мақсатында оны өзгерту керек екенін айтқан. Бұл ұсыныс БҰҰ-ның құрылымдарынан жыл сайын келіп тұрды.

Екіншіден, біз қандай да бір құқықты немесе құқықтар тобын қорғауды қамтамасыз етуде маңызға ие ұсыныстарды таңдап алдық. Оларды БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдары ұсынды және бұл ұсыныстар біздің заңнамамыз, институционалдық дамуымыз және құқық қолдану практикамыз үшін зор маңызға ие.

Үшіншіден, біз таңдаған ұсыныстар қандай бір саланы барынша қамтығанын қаладық. Ештеңені ұмытпай, әр құқық тобын қамтуға тырыстық.

Және соңғы, біз Қазақстанда бірнеше, көбінесе, саясисебептерге байланысты кейбір ұсыныстар тіпті қаралмайтынын да ескердік. Оларды біздің еліміз осыған дейін де қабылдамаған және әлі де қабылдауға асығар емес. Сондықтан іске асуға мүмкіндігі жоғары ұсыныстар алынды. Біз осы екі топты теңдестіруді мақсат тұттық, яғни әлі де талай пікірталас туғызатын ұсыныстар және іске асу мүмкіндігі бойынша қандай да болсын жағымды нәтижеге қол жеткізуге болатын ұсыныстар.

Болашақта осы ұсыныстар қаншалықты жүзеге асады?

Азаматтық қоғамның сарапшылары осы 50 ұсынысты іріктеп, қисынға келтіріп, енді «жол картасын» істеуге кірісті. Яғни біздің оймызша осы ұсыныстарды қалай іске асыруға болатынын көрсетеміз.

Біз әр ұсынысты оны іске асыру бойынша бөлек тармақтарға бөліп шығуға тырыстық. Енді мемлекетпен бірлесе әрекет қылып жәнебіздің көзқарасты ескеріп, әр тармақ бойынша жылжып отырамыз. Бұл жұмысты азаматтық қоғам 2017 жылдың екінші жартысында жүзеге асырды.

Алдымен сарапшылар «жол карталарының» жобаларын жасады. Осыдан кейін әрбір жоба азаматтық қоғамның қызығушылық танытқан және осы ұсынысқа байланысты қандай да бір сұрақтармен айналысытан ұйымдарымен талқыланды.

Біз азаматтық қоғам ұсынған бұл жол карталарының соңғы нұсқаларын әзірледік. Әрбір картада оларды жүзеге асуын бағалайтын көрсеткіш ретінде қосымша бар. Арнайы дайындалған методика негізінде біз белгілі бір көрсеткіштер әзірлеп қойдық. Сол арқылы жыл сайын берілген ұсыныстар мен жекелей тармақтар қалайша орындалғанын бағалауды жоспарлап отырмыз.

БҰҰ-да арнайы ұсыныстарды орындау көрсеткіштері немесе өлшемдері бар. Олар үш бөліктен тұрады: ұсыныс орындалды, ұсыныс орындалмады және ұсыныстың тек бір бөлігі ғана орындалды.  Біз осы көрсеткіштер арқылы ұсыныстардың орындалу барысын бағалауға тырысамыз. Бұлар – түрлі қоғамдық пікірдің сауалнамасы және сарапшылардың бағалауы бойынша сандық және салалықкөрсеткіштер. Біз ұсыныс қаншалықты орындалғанын және осы ұсыныс қорғауға бағытталған құқыт қаншалықты қамтамасыз етілгенін, қорғалғанын және Қазақстан Республикасы үшін міндетті екенін анықтаймыз.

Мемлекет әзірленген «жол карталарын» пайдалануға әзір ме әлде бұл Сіз жоғарыда айтып кеткендей тек азаматтық қоғамның кезекті ұсынысы болып қала ма?

Біз 2018 жылдың бірінші жартысында бұл «жол карталарын» мемлекеттің тиісті өкілдеріне ұсынамыз және бірге отырып талқылаймыз. Осыдан кейін мемлекетпен бұл жол карталары мен ұсыныстарды қабылдау бойынша ортақ мәмілеге келуге тырысамызжәне олардыңимплементациясыбойыншамемлекеттің қандай жоспары бар екенін білетін боламыз. Келесі кезең – мемлекетпен бірлесіп бұл «жол карталары» қалай орындалып жатқаны бойынша жұмыс және ары қарай қалай жылжу керек екені туралы ұсыныстар. 2018 жылдың соңында осы көрсеткіштер бойынша осы ұсыныстар қаншалықты орындалып жатқанын бағалаймыз.

Жалпы, бұл 2017 жылы басталып, 2019 жылға дейін жалғасатын ұзақ процесс. Бұл содан кейін жұмыс тоқтайды деген сөз емес. Кейбір ұсыныстар заңнамада маңызды өзгертулерді талап етеді және бірте-бірте орындалады. Біз олардың орындалуын әр жыл соңында және Қазақстан халықаралық шарт аясында қандай да бір ұсыныс бойынша есеп беруі керек болған жағдайда бағалайтын боламыз.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)