Евгений Жовтис: «Азаматтық қоғам қарсы тұруда және оның нәтижесі бар»

Соңғы жылдары Қазақстаннан кетіп жатқан донорлар бір дерек келтіреді: негізі республикада ештеңе өзгеріп жатқан жоқ – Қазақстанда өмір сүру деңгейі жоғары, ал құқық пен бостандық мәселесіндегі заңнамалық деңгейде түбегейлі өзгерістер жоқ. Экономикалық жағдай басты орында болғандықтан, ақша құюдың еш маңызы жоқ. Заңнамалық тұрғыда ешқандай өзгерістер жоқ деген донорлар келтірген дәйектер қаншалықты рас?

Егер донорлар мемлекетдамуының барлық процесстері мен оның бәсеке қабілеттілігін тек экономикамен байланыстырса, оларды айтқаны рас та болушы еді. Алайда мемлекеттің дамуын тек экономикамен бағалау тіпті болмайды. Себебі нарықтық экономика мен экономикалық институттардың дамуынан басқа, заңнамада құқық үстемдігі қажет, яғни барлығына ортақ, тиімді құқықтық институттармен қолданған шарттар керек. Қазақстанда бұл үлкен мәселе.

Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) соңғы уақытта жүргізген стандарттары көрсетеді. Осыған қоса, заң үстемдігін дамыту, қолдау және институттау үшін демократиялық басқарудың элементтері қажет. Себебі олар демократиялық жүйе, тәртіп және механизмдер болмаған жерде жұмыс істемейді. Яғни барлық проблемалар әлі шешім тапқан жоқ.

Сондықтан біз қанша жерден өмір сүру деңгейіміз жоғары және экономикамыз дамып жатыр дегенімізбен, заң үстемдігі саласындағы, адам құқықтары мен демократиялық дамудағы сәтсіздіктер мен проблемалар айқын. Сол себепті азаматтық қоғам нәтижесі кейде қанағаттанарлықсыз болса да, заң қабылдау істеріне қатысуы керек. Ең бастысы, қандай да бір позицияны дамытып немесе бір нәрсені жақсарту емес, тым болмағанда заң аясында негативті зардаптардың алдын алу. Сол себепті біздің қатысуымыз арқылы кейбір тым қатал жазалау нормаларын алып тастауға мүмкіндік туып отыр.

Бұл процесс 2017 жыл бойы басталып, 2018 жылға дейін жалғасып келеді. Біз Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша талқылауларға қатыстық. Өзгерістер2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында қабылданды. Біз оларды билікпен талқылап, кейбір позицияларға әсер етуге тырыстық. 2017 жыл бойы және 2018 жылдың басында азаматтық қоғам өкілдері Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы, қазір Парламенттегі Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасы бойынша жұмыстарға қатысты. Азаматтық қоғам белсенді қатысқан заңгерлік көмек туралы заң, қазір Парламентке жол тартқан қоғамдық бірлестіктер туралы заң, үкіметтік емес ұйымдардың шетелден түсетін қаражаттарының есеп-қисабына қатысты Салық кодексі бойынша заңнамалар билік өкілдерімен қызу талқыланды. Біз үкіметтің адам құқықтарына байланысты заң шығару бастамаларымен кең ауқымда жұмыс істейміз. Бұл бастамалар азаматтық қоғамның дамуы және қызмет көрсетуі үшін өте қажет.

Біз керемет нәтижеге қол жеткіздік деп айта алмаймын, алайда біз жаңа Салық кодексіндегі үкіметтік емес ұйымдарға байланысты жерлеріне едәуір әсер еттік. Оның салық салу және басқа да сұрақтар бойынша тарауларындағы жазалау механизмдерін жұмсартып, кейбір позицияларын, тіпті, жақсарта алдық.

Бұл Қазақстандық халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросы, Бейкоммерциялық құқық бойынша халықаралық орталық, Құқықтық саясат зерттеу орталығысияқты алдыңғы қатарлы қоғамдық ұйымдардың байыпты жұмысының нәтижесі. Біз Парламентпен, Салық комитетімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен белсенді жұмыс істеді. Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігін жаңа заңды халықаралық деңгейге сәйкес дамыту керек екенін көндіруге тарыстық. Оған азаматтық қоғамды қолдау мен басқа да позициялар кірді. Мысалы, тегін көмек алу құқығы мен салықтан босату.

Бұл жетістіктерге тек өте күрделі келіссөздер нәтижесінде жеттік. Қазір есеп беру формалары жеңілдегенін көре аламыз – әрине, олар әлі бар, бірақ жеңілдеп келеді. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасындағы жексұрын нормаларды алып тастай алдық. Бұл жерде біз бар күшімізді керемет дамуға жұмсамаймыз. Бар міндет – заңға мүлдем қатаң жазалау нормалары қосылып кетпеуді қадағалау, оны барынша ұтымды ету, адам өмірін қиындататын және шектейтін тұстарын азайту. Азаматтық қоғам қарсылық көрсетуде және ол өз нәтижесін беріп жатыр.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)