Евгений Жовтис: «Мемлекет ҮЕҰ-ны көбінесе қауіп-қатердің көзі ретінде қабылдайды»

Қазір ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) – салық төлейтін заңды тұлғалар. Алайда көптеген ҮЕҰ-лар пайдалы іспен айналысып жатқанына қарамастан, олар туралы «грант кеміргіштер», «түрлі-түсті революциялардың жетекшілері», «Батыстың идеяларын таратушылар», «мәдени, тұрмыстық, әлеуметтік құндылықты жоюшылар» деген сияқты атаулар көп естіледі. Мұндай жағдай неге байланысты, ҮЕҰ-ларабырой-беделінжақсартуы керек пе?

Мұндай жағдайда ҮЕҰ-лар өздері бір нәрсе істеуі өте қиын, себебі азаматтық қоғамдағы белсенді ұйымдардың ақпараттық ресурсы мен мүмкіндіктері мемлекеттен әлдеқайда аз. Бұл мәселе үкіметтік емес ұйымдарға байланысты емес, бұл жерде мәселе мемлекетке, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа тіреліп тұр. Әзірге бұл саясат жарым-жартылай болып тұр. Бір жағынан мемлекет шенеуніктер тарапынан азаматтық қоғам керек екенін түсінеді. Ол қоғамдағы процесстер қалай жүріп жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Жағдайдың жарым-жартылай болуы біздің мемлекет демократиялы емес, авторитарлы екеніне байланысты. Біздің мемлекетте белсенді түрде насихатталатын екі түсінік қалыптасып қалған. Біріншісі, үкіметтік емес ұйымдар – ол қызмет көрсететіндер. Бұл дегеніңіз сервистік түсінік, яғни олар қызмет көрсететін болса, онда оны тұтынатындар бар.

Бұл жерде ең қарапайым құрылым қарастырылады: мемлекет – ҮЕҰ – тұтынушы. Осылайша мемлекет немесе ҮЕҰ-ның өзі халыққа қызмет көрсетеді. ҮЕҰ қызмет көрсетеді деген – өте қарапайым және қате түсінік. ҮЕҰ қоғамдық бастамалар көтереді, көбінесе тегін. Басқа кезде, мемлекет олар арқылы қандай да бір қызмет көрсететін болса, онда ол мүлдем басқа форма. Мемлекет ҮЕҰ-ны таратушы ретінде пайдаланады, яғни ол қандай да бір себептерге байланысты өзі істей алмайтын нәрселерді оларға істетеді. Былай айтқанда, ісіңді біреуге істетіп, оған ақша төлеген әлдеқайда оңай.

Алайда бұл үлкен азаматтық қоғамның кішкентай бөлігі ғана, ең жеңілдетілген сипаттамасы. Азаматтық қоғам – бұл тек ҮЕҰ емес, ол өзінің бастамалары, жекелеген тұлғалары мен қарым-қатынастары бар, ішінде институтталмаған, формалды және формалды емес түрі бар тірі материя. Бұл жазық шеңбер. Барлығы жазық алаңда өрбиді. Кейде ол арнайы және мемлекеттік тапсырыс аясында тігінен қиылысады, бірақ жалпы ол өз-өзімен өмір сүреді, дамиды, заттанады, ресурс іздейді.

ҮЕҰ-ға қатысты екінші түсінік саяси, яғни біреулер азаматтық белсенділік танытып, қандай да бір жүйелі мәселелерді шеше бастаса, онда оларсаяси құрылымдар ретінде қарастырылады. Мұндай ұйымдардың қаржыландыру көздеріне байланысты, олардан ерекше күдіктенеді. Өкінішке қарай, бұл субъективтік бағалау мен нақты шенеуніктердің немесе билік өкілдерінің ой-пікіріне ғана байланысы емес, ең маңызды себептердің бірі –Қазақстанда саяси оппозицияның жоқтығы.

Саяси оппозияция мен саяси жүйенінің болуы азаматтық коғамға бағытталған бұл артық саяси көзқарасты бірден алып тастайды және барлығы саяси күреске бағытталады. Яғни саяси сұрақтар бойынша азаматтық қоғам алдында саяси оппозициялық партиялар тұр. Олар биліктің түрлі органдарында бар және олар арқылы саяси мүдделер іске асады, ал қалған азаматтық қоғам жазықтық шеңберіне ысырылып, қоғамдық мәселелерді шешеді.

Бізде соңғы он жылда саяси жүйеден түгелге жуық саяси оппозицияаластатылды, сол себепті алдыңғы қатарға саяси құқықпен жәнебостандықпен айналысатын, азаматтық белсенділік танытатын, наразылық және ақпараттық потенциалды іске асыратын үкіметтік емес ұйымдар шықты. Мемлекет оларды наразылық, қауіп-қатер мен тұрақсыздықтың көзі ретінде қарастырады.

Ары қарай саяси технология, яғни ол туралы қалай айтылады, қалай насихатталады және қаржыландыру. Әсіресе, шетелден қаржыландыру саяси ықпал етудің амалы болып есептеледі. Сондықтан ҮЕҰ-лар сервистік немесе оппозициялық болып көрсетіледі. Бұл мәселе бұл трендің «түбіне балта шаба алмай келетін» ҮЕҰ-ға қатысты емес, себебі мемлекеттік саясат, азаматтық қоғам туралы мемлекеттің түсінігі бақылау мен қадағалауға негізделеді.

Қарапайым мысал, пікір білдіруге еркіндік құқығы, бейбіт жиналыстарға қатысты құқықтар, бейбіт бірлестіктердің құқықтары мен діни сенім бостандығы қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Негізінде, қауіп дегеніміз – осы бостандықты теріс пайдалану. Егер біз құқықтардың өзін қауіп деп қабылдасақ, онда онымен айналысатын барлығы және азаматтық қоғам арнайы бақылауға алынады.

Бұл түпкілікті қате түсінік, оны ақпараттық алаңдағы іс-әрекетпен өзгерту мүмкін емес. Ол үшін мемлекеттік саясат өзгеруі қажет, яғни мемлекет азаматтық қоғамға басқаша көзқараспен қарап, халық санасындағы бұл таптаурындарды кішкенеден болса да өзгертуі тиіс. Бізде де көршілерімізде сияқты халықтың санасын телевизор арқылы жаулап алған. Барлық БАҚ мемлекетпен немесе мемлекеттің сөзін сөйлейтін құрылымдармен басқарылады, сондықтан да мемлекеттік саясат солар арқылы жүргізіледі. Мұны өзгерту өте қиын, себебі барлық саяси жүйе солай ұйымдастырылған.

Қоғамға да бір зер салған жөн. Қоғам әзірге келісімпаз, енжар, басынан 70 жыл кеңес заманын өткерген, мемлекеттің ой-пікіріне сенуге үйреніп қалған, ол үшін азаматтық белсенділік айтарлықтай таңсық, ол ондай белсенділікке сырттан келген қауіп ретінде қарайды. Бірден келесі сұрақ қойылады: сіздің мүддеңіз қандай?Бізде кімде кім оған бір нәрсе ұнамай, өз еркімен шешім қабылдап, бір нәрсе істеуге талпынды дегенге ешкім сенбейді.Барлығы бірден «тапсырысты ақшасын төлеген береді» деп ойлайды.

Қоғам біркелкі емес, оның арасында өзіндік ой-пікірі бар азаматтар да жетерлік, олар мемлекет алдында сол пікірін қорғап қалғысы келеді, жанасатын нүктелер іздейді, қарсы тұрады, өзінің жеке ортасын қорғайды, сондықтан мемлекет «басын шығарған азаматтарды» қиын қабылдайды.

Әзірге азаматтық қоғам даму жолының ең басында ғана болғандықтан, мұның жағдайлар көптеп кездеседі. Егер саяси алаңда демократиялық қағидаларға негізделген түбегейлі өзгерістер болмаса, онда бұл сұрақтар өздігінен жоқ болып кетеді.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)