Сақ оптимизм

Сарапшылар Қазақстанда бейбіт жиналыстар құқықтарына қатысты жағымды жағдайларды байқауда

2017 жылдың 8-ші желтоқсан күні Астанада азаматтық қоғам өкілдері кіретін ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің қолдауымен тыңдаулар өтті. Бейбіт жиналыстарғаға арналған іс-шараға еліміздің Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық облыстық департаменттер қатысты.

«Маған және ЕҚЫҰ-ның халықаралық сарапшысы, Украина Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері, халықаралық ұйымдарда көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Роман Макухаға презентация жасауға және одан кейін екі сағат бойы қоғамдық тыңдаулар өткізуге мүмкіндік берілді. Ол жерде Қазақстанда бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға қатысты мәселелер талқыланды. Іс-шараға барлық ескертулерді, тұтқынға алуды, тәртіпке салып, реттеуді және т.б. қадағалайтын Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы да қатысты. Ең маңыздысы, бұл қоғамдық тыңдаулар, оның ішінде презентациялар құқықтың халықаралық стандарттарын талқылауға бағытталған жоқ. Біз бұл мәселеге барынша практикалық тұрғыдан тоқталып, берілген мүмкіндікті барынша ұтымды пайдалануға тырыстық», – дейді халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының Қазақстандағы директоры Евгений Жовтис

Іс-шара кезінде Жовтис мырза негізі үш мәселені атап өтті.

Біріншіден, егер ішкі істер органдары туралы заңды қарайтын болсақ, онда ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы бапта органдардың бірінші кезекте адам құқықтарын қамтамасыз ету, қорғау және ілгері жылжыту бойынша міндеттерін көреміз. Тек бірнеше тармақтан кейін олардың қоғамдық тәртіпті қорғаубойынша міндеттерін байқауға болады.

«Бұл бір емес, әртүрлі міндеттер. Сіз қоғамдық тәртіпті қорғаған кезде, оның алғашқы міндеті – бейбіт жиналыстарға қатысты құқықтарын қамтамасыз етуді ұмытып кетесіздер», – дейді сарапшы.

Екінші ой, бейбіт жиналыстарға радикал, экстремизм жәнетерроризмнің алдын алу тәсілі ретіндеқарау керек. Бұл наразылықты білдіріп, қандай да бір мәселе бар екенін жеткізуге мүмкіндік беретін құқықтың бірі. Бұл радикалдың алдын алатын қарым-қатынастың тәсілі.

Үшінші ой, бейбіт шерулер мендемонстрацияларды дискотека, футбол матчтары және т.б. шатастырмау қажет. Ол жерде сіздер тәртіпті реттейсіздер, ал мында, бірінші кезекте, сол құқықты іске асыруға көмектесуіңіз керек.

Тыңдаулар барысында азаматтық сектордың сарапшылары митингтер кезінде қоғамдық тәртіпті реттейтін полияцияның рөлі мен оның іс-әрекетін талқылап, оларға бірнеше практикалық ой ұсынды. Бірінші кезекте,ҚР Ішкі істер министрлігінде және департаменттерде телефон-орталықтарын құру қажет. Олар арқылы жиналысты ұйымдастырушылармен және қатысушылармен шерулер басталғанға дейін байланысып тұруға болады.

«Жалпы, мен үшін акцент өзгергендей болып көрінді. Олар (мемлекет) бұл мәселеге бұрынғыдай қатты қорқып қарамайтын болған. Бұл процедураны бейбіт етіп істеудің жолдарын қарастыруымыз керек. Бұл іс-шараның соңында жақсы әсер қалдырған хаттама жасалды. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылдап, заңнаманы реформалау туралы бірнеше ұсыныстар айтылды. Өткен іс-шараның алғашқы нәижесі – бұл құқықты жүзеге асыру қоғамдық дамудың маңызды бөлігі екені мойындалды. Осыдан кейін тікелей әрекетке байланысты негізгі және нақты жағдайлар талқыланды. Мысалы, ішкі істер органдарында келіссөз жүргізетіндердің бөлімшелерін құру. Олар түсіндіру жұмыстарын қарусыз жүргізу алу керек», – дейді Евгений Жовтис.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытынды хаттамасы бірнеше халықаралық органдар мен ұйымдарға жіберілді. Сарапшылар бұл тенденцияны серпіліс ретінде қараудың немесе жаңалық ашудың қажеті жоқ екенін, алайда бұл мәселеде оң өзгерістер байқалатынын атап өтті.

Фото: https://www.kursiv.kz/news/obshestvo/posle_spetsdoneseniya_kazakhstan_soglasilsya_s_neobkhodimostyu_izmenit_zakon_o_mirnykh_sobraniyakh/

54321
(0 votes. Average 0 of 5)