АӨЖДА ККО – бұл айтқаныңды жеткізу мүмкіндігі

Жеміс Тұрмағамбетова, «Адам құқығын қорғау хартиясы» Қорының атқарушы директоры. «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органның  адам құқығы бойынша шағын тобының жетекшісі

– «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органының  жұмыс кестесіне сай әрекет етіп жатқан адам құқықтары бойынша шағын тобы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің халықаралық мінедеттемелер мен ұсыныстар бойынша сәйкестігіне,  БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша келісімшартты органдарының міндеттемелеріне орай өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс даярлауда.

Қазіргі уақытта, өкінішке орай, үстіміздегі жылдың басынан ККО-ның бірде бір отырысы болмады. Оның негізгі сылтауының бірі – СІМ арнайы тапсырмалар бойынша елшінің жоқтығы. Сол себептен де ешкіммен жұмыс істей алмаймыз. Кез-келген уақытта жиналып, құқықтық-нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысымызды жасай аламыз.

«Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші орган атауы – тек ақылдасатын, кеңесетін орын екендігіннен хабар береді. Бұл алаң – біздің айтқанымызды естірту, билікке жеткізу үшін құрылған. Өзіміздің жұмысымыз бен жобаларымызды мемлекеттік органдармен, Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастық негізінде құруға тырысудамыз. Осы әрекет арқылы ойлаған нәтижеге жетуді көздейміз.

Өткен жылы (2016 жылы) біздің шағын топ бірнеше заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу және заң жобасы аясында кесте дайындады. Аталмыш заңнамалық актілер адам құқықтары мен бостандығы, бала құқықтары, зорлық-зомбылықтан азат құқық, кемсітпеушілік құқығы және сөз бостандығы құқықтарына бағытталған еді. Менің түсінуім бойынша, сөз бостандығы бөліміндегі жаланы ізгілендіру туралы ұсынымыз болашақта қаралады.  Ал біздің мақсатымыз – аталмыш сауал бойынша үнемі еске салып отыру. Сол кезде ғана қандай да бір ескертпелер қабылдануы ықтимал.

Біздің барлық сауалдарымызды қайта көтеру үшін «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органның жаңарған жұмысын күтудеміз. Әйтсе де шағын топтың сарапшылары қазірдің өзінде үкіметаралық, Әділет министрлігінің, Парламент мәжілісінің сот реформалары туралы заңнамасын қарайтын жұмыс тобына еніп отыр.

54321
(0 votes. Average 0 of 5)