Адам құқығы мен құқық үстемдігінің өмірде іске асуы мемлекет еркіне байланысты

Айна Шорманбаева, «Халықаралық құқықтық бастама» қорының президенті 

– Айна, сіз «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органның  құқық үстемдігі бойынша шағын тобының жетекшісісіз. Сіздің түсінігіңізше «құқық үстемдігі» принципі астарында не жатыр деп ойлайсыз?

– Құқық үстемдігі деген не? Бұл адамдық қадірге негізделген адам құқығын қорғаудың негізгі приниципі. Оның негізгі элементтері – теңдік, кемсітпеушілік, заңды және құқықтық нақтылық. Біз құқық үстемдігін, құқық үстемдігі концепциясын Қазақстандағы барлық азаматтардық құқықтары мен бостандығын сақтау үшін, құқықтық заңнама принциптерінің, яғни заңның нақты әрі анық жазылуы, сот шешімінің барлық сот жүйесінен кейін өзгеріске ұшырамауын сақтау үшін жылжытудамыз. Осыған байланысты  Қазақстанда заңнамалық айқындық мәселесі бар. Құқық үстемдігі, адам құқықтары мен бостандығы үшін қабылданып жатқан заңдар мен заң жобаларын қабылдау, оны талқылауға жиі қатыса бермейміз.

– Сіздердің шағын топтарыңыздың рөлі қандай? Жұмыс барысында қандай да бір қиыншылықтарға жолықтыңыздар ма?

Біздің құқық үстемдігі мәселелері бойынша шағын топ жұмысында құқықтық қорғаудың эффективті құралы, Қазақстан азаматтарының жекелей арыздарымен Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін жасауды енгізсек деп едік. Ол үшін Қазақстанда Конституциялық сот болуы шарт.  Өкінішке орай, қазіргі сот жүйесі апеляциялық шағымнан кейін құқықтық қорғау бойынша эффективті болмай отыр. Тек ара-арасында ғана инстанцияға сәйкес шешімдер қабылданып жатады. Ал бұл теңіздегі тамшыдай ғана.  Сондықтан да біз Қазақстанда Конституциялық соттың қайта құрылғанын және оған азаматтар өздерінің Конституциялық құқықтарының бұзылғандығы жөнінде жекелей арыздануына мүмкіндік жасау керек деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы біз қатысып және жұмыс жасап жатқан  Консультативтік-кеңесші орган арқылы осы ұсыныстарды жасауға, оны мемлекеттік мекемелер және де орган өкілдерімен талдауға, талқылауға, кемінде осы сала бойынша күрделі мәселелердің бар екенін айтуға болар еді. Біз, құқыққорғаушылар ретінде,  күрмеуі табылмай келе жатқан мәселелер жөнінде ашық айтуға және оларды шешудің нақты жолдарын ұсынуға тиіспіз. Құқық үстемдігінің, жалпы адам құқықтарының өмірде іске асуы, біздің ұсыныстарымыздың орындалуы тек мемлекеттің еркіне байланысты. Сол себептен адам құқығы мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастардан туындайды.

 

54321
(0 votes. Average 0 of 5)