Билікпен өркениетті диалог – бүгінгі позитив

Евгений  Жовтис, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросының (АҚмЗСЖҚХБ) директоры

 

– Евгений Александрович, бірнеше жылдан бері ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) жанында «Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» атты Консультативтік-кеңесші орган жұмыс істеп келеді. Осы алаңды жасау идеясы қайдан келді және ол қалай дамуда?

– Көптеген жылдар ішінде Қазақстандағы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар адам өлшемдері бойынша әр түрлі деңгейдегі форумдар мен жиындарға қатысты.  Ол жерлердің көпшілігінде демократия, құқық үстемдігі, адам құқықтарын сыйлау және сақтау секілді  тақырыптар сөз етілетін еді. Біз жыл сайынғы қыркүйектің аяғында Варшавада ЕҚЫҰ ұйымдастыратын адам өлшемдері жөніндегі жиынға үзбей баратынбыз. Бұдан өзге де брифингтер мен Қазақстанның адам өлшемдері бойынша орындап жатқан жұмыстары мен жасаған әрекеттері бойынша баяндамалары  тыңдалған БҰҰ органдарында, өзге де алаңдарда болдық.  Осындай жиындарда үнемі біздің үкімет өкілдерімен кездесіп, адам құқықтары мен бостандықтары сұрақтары бойынша пікір таластырып, мемлекет бізбен келіспеген тұстарда өзіміздің позициямызды қорғауға тырыстық. Кейде осы жайттар халықаралық алаңдарда да талқыланатын.

2012 жылдың аяғында СІМ «Бұл тақырып бойынша тек шет елдерде ғана емес, үйде де сөйлесейік» деген бастама көтерді. Біз неге өйтпеске деп ойладық. Расында да, бұл мәселелер жөнінде халықаралық ареналарда сөйлессек, неліктен өз елімізде де айта айтпасқа?! Дәл сол кезде аталмыш сауалдарға қатысты ашық диалог алаңын ел ішінде жасау туралы идея туындаған еді. Қазіргі уақытта ол АӨЖДА ККО («Адам өлшемдері бойынша диалог алаңы» атты Консультативтік-кеңесші орган) деп аталады және СІМ жанында жұмыс істейді.

Ұйым өзінің жұмысын бастаған алғашқы жылы (2013 жыл) қызу пікірталастар жүргізілді. Тіптен қатты болды десем артық емес. Біз ел ішіндегі азаматтық қоғамды алаңдататын және өзге де барлық тақырыптарда сөйлестік. Тыйым салынған тақырыптар мүлдем болмады.

Содан СІМ бұл жүйені дамыта бастады. Бір таңғаларлығы, диалогқа қатысушылар тізімі алуан түрлі болды. Әңгіме алаңында билік пен оның жүйесін сынайтын барлық құқық қорғаушы ұйымдар, тым ашық айта алатын азаматтар, қандай да бір мәлімдеме жасайтындар және тағы да басқалары болды.

Пікірталас демократияны дамытудың жалпы сұрақтары, заңнамаларды жетілдіру және тағы да басқа тақырыптардан басталып, артын келе, жеке құқықтар мен сауалдарды қамтыды. 2013-2014 жылдардың басында этникалық стандарттар бойынша сауалдардың көп болғандығы әлі есімде. Адамдар айтарлықтай деңгейде жоғарлатылған тондарда, кейде жеке басқа, кейде ұлтараздық қақтығыс алдында болды және диалог та соған сәйкес орнады.

3,5 – 4 жыл ішінде бұл платформа бірін-бірі естімейтін екі тараптың әңгіме алаңы емес, шынымен де диалог алаңына айналды. Қазіргі уақытта аталмыш платформада ондаған азаматтық қоғам ұйымдары мен мемлекеттік органдар бар. Олардың қатарында Бас прокуратура, Жоғарғы сот, ІІМ, ӘМ атсалысуда. Диалогқа СІМ маңызды тапсырмалар бойынша елшісі төрағалық етеді. Ал жыл сайынғы бірінші отырысты Сыртқы істер министрі ашады.

2014 жылы ККО-ны ұстап тұратын ресурстардың жетіспейтіндігі байқалды. Біз алғашқы жылдары ай сайын елдің түпкір-түпкірінен жиналатынбыз. Ашық әңгіме болатын Астанаға жету үшін қиындықтар да туындады: негізінен қаржы жетіспеді. 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басында бұл жүйе 3 айда бір рет – тоқсан сайын жұмыс істейтін болды. Диалог әр тоқсанда бір рет болатындықтан, арасында бірдене жасау болу керек деп ойладық.

2014 жылдың аяғында тұрақты жұмыс істейтін механизм құру туралы идея келді. Содан  АӨЖДА  ККО-ның жұмыс тобы құрылды. Бастапқыда тек біржақты монолог болып қалмау үшін, пікірлер мен позициялар тоғысу үшін оны қос тарапты жасау ұсыныс болған еді. 2013 жылдан бастап  АӨЖДА  ККО барлық отырыстары осындай схемамен өткізілді:  мемлекеттік орган өкілі интерактивті баяндама түрінде сөз сөйлей отырып,  өзінің позициясын азаматтық қоғамға ұсынды.  Бұл әдіс әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Яғни, әр сұрақ/сауал бойынша екі тарап пікірі де ескеріледі. Көп жағдайда олар сәйкес келмейді, нәтижесінде қызу пікірталастар тудырады.

2014 жылдың аяғында бұл механизм бойынша да жұмыс тобы құрылып, мемлекеттік органдар жән азаматтық қоғам арасындағы теңдікке төрағалық етті. Осы топ құрылғаннан бастап мен азаматтық қоғам тарапынан төрағалық етемін. Ал тең төрағалыққа келер болсақ, мемлекет тарапынан бақылайтындар үнемі ауысып отырады. Жұмыс тобы құрылғаннан бері 3 рет ауысып, үшеуінде де ҚР Парламент мәжілісінің дептудаттары төралқалық етті.

2014 жылдың екінші жартысынан 2015 жылдың басына дейін біз ары қарай жылжу керек деп шештік. Нәтижесінде 4 шағын топ құрылды. Қазіргі уақытта АӨЖДА  ККО құрылымында мемлекет және азаматтық қоғам тарапынан тең төрағалық етілетін жұмыс тобын, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы хатшылық ететін секретариат және 4 шағын жұмыс тобы бар. Шағын топтар демократияны сақтау шағын тобы, Құқық үсетімдігі бойынша шағын тобы, адам құқықтары бойынша шағын тобы, заң шығару үрдісі бойынша шағын тобы болып бөлінеді. Бұларды Қазақстандық танымал құқыққорғаушылар мен қоғам қайраткерлері басқарады.

Топтар мен шағын топтар,  АӨЖДА  ККО не істейді? Бір жағынан бұл механизмді асыра бағалау қажет емес. Ол мәселелерді шешіп қана қоймай, ашық диалогты құруға негізделген.  Сол себептен де біздің позициямыз – қарапайым: сөйлесу – үндемей қалғаннан артық. Егер біздің сөйлесуге мүмкіндігіміз болса, сөйлесеміз. Сөйлесіп, пікір алмасамыз, бірімізді біріміз көндіруге тырысамыз.  Барынша кәсіби әрекет ете отырып, позициялар қақтығысы мен компромис іздеуге, тым құрығанда бір-бірімізді тыңдауға ұмтыламыз.

– АӨЖДА  ККО қызметінде ауыз толтырып айтарлықтай қандай нәтижелер бар?

3 жылдан астам жұмыс барысында ККО пікірталастары мен талқылауларында   200-ден астам әр түрлі ұсыныстар жасалды.  Өткен жылы оның 37 ұсынысы мемлекет тарапынан қабылданып, қазіргі сәтте іске асырылу алдында тұр.  Біз ККО-ның алғашқы жылдарындағы ұсыныстар іске асып жатқанына қанағаттанамыз. Әсіресе, жабық мекемелер, түрмелер мен түзету мекемелері, азаптауға қарсы күрес, психиатриалық мекемелер, балалар мен жасөсіпірімдерге, егде жастағы азаматтарға, мүгедектерге арналған мекемлердегі азаптауға қарсы күрес шараларының жүргізіліп жатқандығы қуантады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы тәуелсіз мекемелердің париж принциптері негізіндегі адам құқығы жөнінде өкілетті институттың қалыпты жағдайға келтірілу үрдісінің басталғанына қанағаттанамыз. Ол Конституцияға енген және де біз қажетті Заңдардың қабылдануын күтудеміз, әрі орындау кезінде бұрынғыдан сапалырақ, жақсы нәтижелер болады деген үміттеміз. Дегенмен, мен айтып өткендей, диалогтың болуының өзі – позитив.

– Еуро Одақтың қаржыландыруымен және де өзге де ҮЕҰ серіктестігімен ұзақ мерзімді «Қазақстанның ұлттық және халықаралық міндеттерін орындауға бағытталған Қазақстандағы азаматтық қоғамның рөлін арттыру және жылжыту мониторингі» жобасын іске асырудасыз. Осы жоба мәні неде?

Қазақстан Адам құқықтары бойынша Халықаралық қауымдастықтың мүшесі болғаннан және көптеген шарттарға қол қойғаннан бері ол өз заңнамасын өзгерту, қандай да бір тәжрибелік әдіске сүйене отырып, құқық қорғау тәжрибелерін жетілдіру, өзінің міндеттерін сақтау туралы жүздеген ұсыныстар алды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстарды іске асыру барысы көңіл көншітпейді. Сол себептен де біз бұл үрдіске қол ұшын беру керектігін түсіндік.

Біз үш проблеманы шешуге арналған жобаны қаржыландыру үшін Еуро Одаққа өтініш жасадық. Алғашқы мәселе – ККО-ға адам құқықтары мен халықаралық ұсыныстарды іске асырушы диалог алаңы ретінде қолдау көрсету. Екінші мәселе – азаматтық қоғам мен сарапшылардың адам өлшемдеріне қатысты парламентке түсетін заңдарды шығару мен заң жобаларын дайындауға қатыстыру. Үшінші мәселе – Қазақстанға Халықаралық ұйымдар берген ұсыныстардың ішінен ең қажетті 50-ін таңдап, оны 2,5 жыл ішінде АӨЖДА  ККО көмегімен іске асыруға үлес қосу.

Бұл ұсыныс Еуро Одақ тарапынан қолдау тауып, жоба өз жұмысын бастап кетті. Қазіргі сәтте жоғарыда аталған 50 ұсыныстың нақты әрі соңғы құрамдарын жасау, жол картасын іске асыру, оларды бағалау индикаторын дайындау,  АӨЖДА  ККО жұмысына және оның жұмыс тобына, шағын топтарына қолдау көрсетумен айналысудамыз.  Біз парламентке түсетін адам өлшемдері туралы Заңдар мен Заң жобаларына қорытынды және ескертулер дайындауды бастадық. Азаматтық қоғам сарапшылары барлық 3 бағыт бойынша жұмыстарда жақсы қолдауға ие болды.

 

54321
(0 votes. Average 0 of 5)