Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу жобасы тұрақталды, деп санайды құқық қорғаушылар

«Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық міндеттемелерін орындау мониторингіне бағытталған қызмет аясында азаматтық қоғамның рөлін кеңейту және арттыру» жобасы институционалдық түрде қалыптасыып, ұсыныстарды барлық деңгейде жылжыту бойынша тұрақты процес іске қосылды, деп атап өтті қазақстандық құқық қорғаушылар.

«Жобаның қалыптасу деңгейі жоғары, себебі диалог институттандырылған. Яғни нақты формалар пайда болды: адам өлшемі бойынша диалог алаңы және оның аясындағы жұмыс топтары мен кіші топтар. Ең бастысы, бұл жол карталары мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың негізін қалады, ал кейбір карталар іс-шаралар жоспарына енді. Бұл дегеніңіз жоба аяқталсын, аяқталмасын жұмыс жалғаса береді», – деп атап өтті Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюроның (АҚжЗСХБ) Қазақстандағы директоры Евгений Жовтис.

Өз әріптесімен LPRC Құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры Татьяна Зинович те келіседі: «Коммерциялық емес сектор жұмысының ерекшелігі – ұсыныстарды келістіру және жылжыту бойынша жұмыс жобаға қарамастан жалғасатын болады. Жоба процесті бастап берді, алайда онсыз жұмыс тоқтап қалмайды. Біз заң шығару процесіне қатысудың барлық қолжетімді формаларын пайдалана отырып, жобаның нәтижелерін барлық деңгейде жылжытатын боламыз».

Қол жеткізілген тұрақтылыққа қарамастан құқық қорғаушылар жобаны нәтиже тұрғысынан асыра бағалауға асықпайды. «Біз ұсыныстар арасынан ең өткір және дискуссиялық мәселелерді іріктеп алдық. Оларды шешу тек сарапшыларға ғана емес, сонымен қатар саяси ерік-жігерге, процеске, біз өмір сүріп жатқан тәртіпке байланысты», – дейді Жовтис.

Зиновичтің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар, тіпті, азаматтық қоғаммен бірлесе отырып әзірленген ұсыныстарды имплементациялауға дайын емес. «Меніңше бұл уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде шешім қабылдауға тікелей жауапты тұлғалардың ұсыныстарды алға жылжыту бойынша талқылау мен жоспарлау жұмыстарына қатыспауға байланысты. Ал талқылау процесіне ведомство мамандарының қатысу жоғары нәтижені қамтамасыз ете алмайды», – дейді LPRC басшысы.

Сонымен қатар, Жовтис азаматтық белсенділердің шенеуніктермен өзара қарым-қатынасы да жақсы нәтиже екеніне сенімді. Ол сондай-ақ бұл диалог басқа құрылымдар (мысалы, қоғамдық кеңестер) шеңберінде де институтталатынына назар аударады. Оның айтуынша, мемлекет мұндай диалогтан айқын пайда табады: жергілікті жерлердегі кәсібилік жетіспеушілікті үкіметтік емес сектордың сараптамалық потенциалы арқылы толықтырады әрі әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жол ашылады.