Жовтис: АӨДА ККО – ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі жыл сайынғы кеңесінің ұлттық аналогы

Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңес органы (АӨДА ККО) азаматтық қоғам мен мемлекет арасында пікір алмасуға арналған жер және ол ЕҚЫҰ-дағы ұқсас формат бойынша құрылған, деп есептейді Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюроның (АҚжЗСХБ) Қазақстандағы директоры Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушы ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі жыл сайынғы кеңесінің мақсатын еске салады: «алға қойылған міндеттер шеңберінде ойыңда жүргенді келіп айту». Оның айтуынша халықаралық кеңестің форматы пікір алмасудан басқа ешқандай тетіктерді қарастырмайды.

«Осы ретте ККО өзінің рөлін дәл осындай түрде орындауы тиіс. Біз бұл жерде жылына төрт рет жиналып, кей мәселелерді талқылаймыз <…> ККО-ға барлық негізгі құқық қорғау ұйымдары кіреді. ККО қалыпты процедура бойынша құрылған, яғни мемлекеттен бір баяндама және азаматтық қоғамнан бір баяндама», – дейді Жовтис.

Отырыстардың күн тәртібі АӨДА ККО-нің барлық мүшелерінің келісімімен жыл басында бекітіледі. Сыртқы істер министрлігінің жанында жұмыс істейтін кеңес органның хатшылығы отырыстарға жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

«Жұмыс нәтижелеріне және т. б. туралы айтатын болсақ, онда бұның барлығы бұл алаңның емес, басқа деңгейдегі қызметтің мәселесі. Бұл жұмыс топтары мен кіші топтардың қызметі. Және бар мәселе – бір мезгілде жұмыс тобының немесе басқа да кіші топтардың және ККО-ның қатысушысы саналатындар бұл құралдарды қаншалықты іске қосқысы келетінінде», – деп толықтырды өз сөзін Адам құқықтары жөніндегі Бюро басшысы.