ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РАТИФИКАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРГАНДАР МЕН АҚҚ АҚДІ ҰСЫНЫСТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОРМАЛАРДАН-ҰЛТТЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА

Mindet.kz сайты — Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелері туралы ақпараттық ресурс. Ол Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін жүйелеуге, талдауға және ілгерілетуге арналған. Ресурстың негізін халықаралық құжаттардың дерекқоры құрайды, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар мен конвенциялар;
  • БҰҰ шарттық органдарының, арнаулы рәсімдерінің, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдары;
  • адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнама қазақ және орыс тілдерінде;
  • Қазақстан халықаралық тетіктерден және ұлттық диалог шеңберінде алған ұсынымдарының жиынтық кестесі.

Сайттың маңызды құрамдас бөлігі — «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» (АӨДА) атты Консультативтік-кеңесші органның (ККО) қызметін ақпараттық сүйемелдеу. Бұл мемлекеттік органдар, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық серіктестер арасындағы тұрақты диалог алаңы болып табылады. АӨДА аясында адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асырудың негізгі мәселелері талқыланып, ортақ ұсынымдар мен оларды жүзеге асыру жолдары әзірленеді.

Ресурс зерттеушілерге, құқық қорғаушыларға, мемлекеттік органдар өкілдеріне және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері контексінде адам құқықтарын сақтау мен ілгерілетуге қызығушылық танытқан барлық адамдарға арналған.